Асығып тұрсыз ба? Күтпеңіз! Енді унитазды жылдам тазалау әдісі туралы білу
Ешкім де әжетхананы тазалауды ұнатпайды, егер бізге орындау керек болса, онда біз оның мүмкіндігінше жылдам әрі тиімді болғанын қалаймыз. Сондықтан, әжетханаға аз назар аударудың ең керемет жолы оны барлық уақытта таза ұстау!
Дұрыс өнімдерді пайдалану және әр кірген соң таза болуын қамтамасыз ету арқылы, нақты тазалау талаптарын ең төменгі көрсеткішке азайтуға болады. Оған қосымша, әжетханаңыз әрқашан таза болуына сенімді болып, сіз үшін ыңғайсыздық туғызатын, тітіркендіретін негізгі көз болмайды. Әжетханаңыз ұзақ уақытқа таза болуын қамтамасыз етуге көмектесу үшін 5 үздік кеңестерді жинадық…
Бұл кейбір үй шаруашылығындағы даулы мәселе болуы мүмкін, алайда әжетхнаны ұзақ уақытқа таза ұстаудың оңай жолының бірі тұрып пайдалануға жол бермеу. Егер еркектер де, әйелдер де унитазды отырып пайдаланатын болса, әжетхана ұзақ уақытқа таза болады. Қарапайым шындық - нәжіс унитаз қазанында қалса, ол жоғалып кетпейді. Ол тұрып қалады, сіңіріледі, ол әжетхана еденінің айналасында, отырғышта және унитаз қазанының үстіңгі жағында жабысқақ әрі иістенген дақтар түрінде қалып қалады. Сондықтан отырып дәрет сындыру уақытты босқа өткізген сияқты болса да, шын мәнінде, сол дұрыс әдіс.
Әжетхана щөткесі міндетті түрде пайдалану үшін қол астында болуы керек. Тек әжетхананы «тазалау» барысында емес, сондай-ақ оны әр кез пайдаланыңыз. Бұл жетілдіру үшін қарапайым күнделікті іс және ол әжетханаңыздың әрқашан таза болуын қамтамасыз етеді. Тек унитаз айналасын әжетхананы тазалау құралының аз мөлшерімен және щөткемен әр уақытта тазалап өтсеңіз болғаны. Сол кезде апта сайынғы тазалау әдісі артық болып кетеді деп санауыңыз мүмкін! Әжетхана щөткесін пайдалы қолдану үшін, оны да таза күйде ұстап, мерзімді түрде ауыстырып тұрыңыз. Әжетхана щөткелері ластанады және өте жылдам тозады. Әлі де ауыстыру үшін арзан құрал болуына қарамастан, көптеген адамдар оларды өмір үшін маңызды сатып алынатын элемент ретінде көреді! Оның мұнда қажет жоқ. Әжетхана щөткесін жиі ауыстырып тұру керек: әр бірнеше айда немесе қажетінше. Басты кеңес: әжетхана щөткесінің қызметтік мерзімін ұзарту үшін оны тұтқасына қайта орналастыру алдында құрғатып алыңыз. Мұны әжетхана отырғышының үстіңгі жағын жауып, щөтке тұтқасын отырғыш пен қазанның үстіңгі жағы арасына қойып орындауға болады. Егер щөткені тұтқасына кері қоя салу аз ғана микробтар мен ылғалдың пайда болуына жол беру сияқты.
Жақсы шеңбер блогын пайдаланып, әжетхананы таза, бағын иісті және қоңыр дақтарсыз күйде ұстаңыз. Bref Power Aktiv Hygiene нұсқасы қақтардың алдын алу үшін жұмыс істеп, қазан түбінде көбік жасап, әжетханаңызда әр шайған соң балғын иісті қалдырады. Әр шеңбер блогы 205 шаюға дейін жетеді, бұдан басқа әжетханаңыздағы тазалықты ұзартудың басқа оңай жолы жоқ. Оңай орнатылады, оңай ауыстырылады және гигиеналық және балғын қажеттіліктеріңздің жүйелі шешімі. Унитаз жиегінде ілініп тұратын еі күшті шеңбер блогымен әжетханаңыз туралы қайта уайымдаудың қажеті жоқ. Ол әрдайым жақсы көрінуі әрі балғын иіс шығуы тиіс.
Егер сіз үшін оңай пайдаланылу маңызды болса, онда Bref Duo Cubes қос текшелері сияқты цистернаға қолданылатын әжетхана тазалау блогын да ескеріңіз. Осылардың біреуін цистернаға лақтырсаңыз, ол әжетханаңызды таң қаларлық 800 рет шаюға дейін таза ұстайды. Ол кез келген уақытта көк балғын судың мүмкіндігінше көбірек 3 айға дейін шаюын, әрі әжетхананың толық гигиеналық және қоңыр қалдықтарсыз күйде қалуын қамтамасыз етеді.
Ақыры, әжетхананы таза ұстаудың негізгі компоненті ретінде оны мерзімді тазалау деп айта аламыз. Алдымен тұрмыстық ортаңызды кез келген оқыс жағдайлар орын алған кезде тазалау үшін зерттеңіз, ал олар міндетті түрде орын алады. Шашыраған дақтарды жылдам кетіру әжетхананың ұзағырақ таза қалуын қамтамасыз етеді. Әжетхананы ретімен пайдалану өзінен соң таза күйде қалдырып және басқа адам үшін немесе тіпті кейінірек те өзің үшін де мәселе туғызбау дегенді білдіреді!
Екіншіден, міндетті түрде әжетхананы және жуынатын бөлмені аптасына кемінде бір рет мерзімді тазалау кестесін жасаңыз. Қалыпты уақыт интервалынсыз стандарттарды толық оңай өткізіп алуға болады. Егер әжетхананы жақсы күйде ұстасаңыз, оны дұрыс тазалау үшін аптасына 10-15 минуттан артық уақыт қажет болмауы тиіс. Ыңғайлы уақытты апталық кестеңізде орнатып, сол әжетхананы тазалауды уақытылы орындаңыз. Мүмкін кешкі сабақ алдында немесе жұмысқа барар алдында, не болмаса сүйікті теледидар шоуын қарау алдында. Не болса да сол әрекетке мотивация қойып жұмыс істеп, сол қалыпты уақыт интервалын қолданыңыз!