Әжетхананы дұрыс тазалау әдісі бойынша негізгі шараларын алу
Кейде унитазды тазалау үшін уақыт жоқ сияқты болып көрінеді. Әлі де еленбейтіндей жалықтыратын жұмыс емес. Сондықтан уақыты жоқ үй иелері үшін, әжетханада аз күш жұмсайтын стандартын алуға көмектесу үшін біз қысқаша мазмұндаманы бірге салдық.
- Алдын ала сақтық шарасы: алдымен әжетхананың ластануына жол бермеу
- Техникалық күтім көрсету: таблеткалар мен блоктарды жаман иісті болдырмау және әжетхананы тұрақты балғын әрі хош иісті күйде сақтау үшін пайдаланыңыз
- Назар аудару: максималды әсер үшін бірінші тазаланатын жер
- Тиімділігі: дұрыс әжетхананы тазалау құралын таңдау
- Жоспарлау: тиімді уақытты табу
Ешкім де әжетханасының иістенгенін қаламайды, бірақ арамыздағылардың барлығында унитазды мінсіз таза ұстау үшін маңызды жұмыс күші немесе уақыты жоқ. Біздің негізгі кеңесіміз қарапайым болып табылады: алдымен әжетхананың ластануына жол бермеу. Мына әдістер:
Әр шаю барысында қырып тазалау. Қақтың құрылуын болдырмаудың және унитазды таза сақтаудың, әжетхананың өте сасуын болдырмаудың бір қарапайым жолы - әр кірген кезде оны керемет күйде қалдыру. Ол тек қажет болғанда қырып тазалау емес, сондай-ақ әр кезде қырып тазалау дегенді білдіреді. Унитазды айналдыра тазалау құралын қолданып, қырып тазалауға 20 секунд уақыт бөліп, су сызығының астын да, үстін де бір рет, үстінің айналасын, шеібер астын бір рет қырып тазалап шығыңыз. Бұл жұмысты орындау үшін аз ғана уақыт кетуі мүмкін, бірақ уақытты үнемдеу пайдасын да ойлаңыз. Егер мән бермейтін болсаңыз, әжетхананы расымен қайта тазаламауыңыз мүмкін!
Губканы әзірлеңіз! Тазалауға арналған губканы немесе матаны дәл унитаздың қасында ұстаңыз және кез келген кірді және ол пайда болған сәтте тазалап алыңыз. Унитаз отырғышының айналасын матамен және ванна спрей тазалағышымен тазалап алған соң, нәжіс қалдықтарынан және иістерден олар пайда боламын дегенше арыласыз.
Иісі бар әжетхана денедегі иіс сияқты мәселе тудырады: иіс бар екенін байқаған сәттен-ақ тым кеш болып саналады. Сізге керегі тек иіс пайда болғанға дейін оны болдырмау. Мәселені шешудің ең тиімді жолы уақыттың тиімділігі. Әжетхана блоктары мен таблеткаларды пайдалансаңыз болғаны, қақтың, онымен бірге пайда болатын бактерия мен иістердің құрылуына шектеу қоясыз. Қақ бактерияның көбею аймағы болғандықтан, әжетханаңыз әр шаю барысында осындай қатты су түзілімдерінің құрылуымен күресуін қамтамасыз етіңіз.
Цистернаға арналған әжетхана текшелері
Жақсы әжетхана таблеткасы цистернаға (су багына) қондырылып, әр шаю барысында тазалауыш заттарды босатады. Бұл бакты тек қана таза күйде сақтап қоймайды, сонымен қатар унитаз үстіндегі кіші саңылауларды да тазалайды. Шеңбердің астында көптеген микробтар жасырын тұр, ол біз үшін тазалау қиын аймақ болып табылады.
Әжетхана шеңберінің блогы
Шеңбер блогы унитаз жиегіне ілініп, шаю барысында жағымды иісті босататып әрі әжетханадағы суды әрдайым таза және балғын күйде қамтамасыз етіп, тазалауыш заттарды тікелей таратады.
Бұл екі өнімдерді орнату үшін секунд қажет және әжетхананы таза әрі жағымды иістендіретін күйде сақтау үшін, күш жұмсамай-ақ ұзақ мерзімге дейін қызмет атқарады. Олар уақыты тығыз үй иелері үшін пайдалы.
Әжетхананы тазалау туралы ойлаған кезде, қазанға қолды салып, әжетхана щөткесімен қырып тазалау шығу туралы ойлайсыз ба? Бұл қате болуы мүмкін. Шын мәнінде жойғыңыз келетін иістер мен микробтар көп жағдайда жоғарырақ орналасады.
Назар аудару ортасы 1: алдымен шеңбер астын тазалау
Егер әжетханадағы иіс туралы уайымдайтын болсаңыз, онда шеңбер астын тазалау орындалатын бірінші тапсырма болып табылады. Көптеген адамдар әжетхананың иістенуіне себеп қақтар мен дақтар деп ойлайды, ал шын мәнінде ол иістенгіш микробтар жасырын тұратын шеңбер астынан болады. Сондықтан егер асығыс болсаңыз, үстіңгі жақтан бастаңыз. Щөткеңізді унитаз шеңберінің ішіне батырып, толық айналдыра қырып тазалаңыз. Мұны бірнеше рет орындап, содан кейін шайыңыз.
Назар аудару ортасы 2: унитаз қазанының үсті
Дақтар мен жағымсыз иістердің келесі аялдамасы, әсіресе нәжіс иістердің, унитаздың үстіңгі жағы. Сондықтан қайтадан, щөткені тереңірек батырудың негізгі сипатынан бас тартып, орнына алдымен осы аймақты матамен немесе губкамен толық сүртіп алыңыз. Міндетті түрде отырғыш бекіткіштерін және орнатылымдарын толық жағалап шығып, дәл солай кері қарай сүртіңіз.
Назар аудару ортасы 3: отырғыш
Унитаз отырғышын тазалаудан бас тартпаңыз. Қайталаймын, ол иістердің, әсіресе нәжіс иісінің жиналатын аймағы және жасырын болады. Стандартты ванна тазалағыш-спрейді және матаны алып, оны төмен қарай сүртіңіз. Ілмектер мен бекіткіштерді де ұмытпаңыз, олар жиі жаман иістің жағымсыз себепкерлері болады.
Назар аудару ортасы 4: су жинағыш құбыры
Жарайды, енді тоқтатып, унитаздың түбіне көшіңіз. Дегенмен абайлаңыз, сол қоңыр дақтарды кетіру оңай емес, сол үшін және орындалатын ауыр тапсырма үшін арнайы уақытты арнап басқа күнге қалдыруыңыз мүмкін.
Өздігінен жасалатын табиғи құралдардан бастап ағартқыш құралға дейін, қолданысқа арналған унитаз тазалау құралдар сансыз. Алайда жылдам қырып тазалау құралдарын іздейтін болсаңыз, жақсы әжетхана тазалау құралы әрқашан жауап болып табылады. Мына себептерге байланысты:
Табиғи құралдар: өз қоспаларыңызды дайындауды бастау үшін анық уақытыңыз тығыз. Қатып қалған сол дақтар мен қалдықтарды кетіруге арналған қоспалар, оны ұмытыңыз.
Экстра күшті әжетхананы тазалау құралдары: кейде кездейсоқ тазалау әдістері үшін әжетхананы тазалау құралдарының арасында аздап күштірек нұсқасы болғанын қалайсыз: егер әжетханаңыз әдеттен тыс лас болса немесе әжетханаңызға нақты терең әрі толық тазалау әдістерін жүргізгіңіз келсе. Су сызығының үстіңгі және астыңғы деңгейіндегі қақтар мен кірден арылтады және әжетхана қазанына жып-жылтыр, аппақ көрініс береді.
Әжетхананы тазалаудың тиімді уақыты бар ма? Әрине бар! – тек қиылыңызды пайдалансаңыз болғаны. Күнделікті әрі қызықсыз (өлі уақыт) өтетін уақыт туралы ойлаңыз, оны жақсы орындалған жұмыспен, кірді тазалау рақатымен толтырасыз. Мүмкін жұмысқа шығу алдында, Жұма түнгі сауыққа шығу алдында немесе пісірілетін түскі асты күтіп отыру барысында болуы мүмкін.
Керемет уақыт тиімділігін екі еселеңіз: әжетхананы тазалау үшін миды жұмыс істетудің қажеті жоқ. Қолдарыңыз бос емес кезде, ойыңызды басқа бір затқа назар аударсаңыз қалай болады. Мүмкін аудиоролик тыңдарсыз? Мүмкін тіл үйренерсіз? Мүмкін кейінге қалдырылған қоңырау шаларсыз? Оны дұрыс орындаңыз және әжетхананы тазалау әдісін жалықтыратын істен өздігінен жақсарту мүмкіндігіне айналдырыңыз.
Асығып тұрсыз ба? Әжетхананы тазалау қажет уақытты үнемдеңіз. Тазалау әдісін жылдамырақ әрі тиімдірек етудің қарапайым идеялары.