Ыңғайлы стильдегі әжетханаңыздың тарихын ойлап табыңыз.
Сіздің ванна бөлмеңіздің тамаша жаңа көрінісіне өте оңай жетуге болады.
Ванна бөлмесі жөндеу жұмыстары тұрғысынан үйіңіздегі ең күрделі бөлмелерінің бірі болғанымен, ол декорациялау тұрғысынан ең оңайлардың бірі болып табылады. Қымбат тұратын қайта жоспарлаудың немесе ағыстар мен әжетаналарды ауыстырудың қажеті жоқ. Осының орнына Сіз қарапайым, үнемді құралдардың көмегімен жаңа бейнеге жете аласыз.
Сіздің ванна бөлмеңізді күңгірт бұрыштан көзге айрықша әсер қалдыратын бөлмеге айналдыруға басқа оңай тәсіл жоқ - жай ғана душқа жаңа перде іліңіз. Осы кішкене ғана душқа сапалы пердені сатып алу Сіздің әжетхана бөлмеңіз үшін тақырыпты ұсыну мүмкін.
Душқа арналған әсерлі перделер кішкене қараңғы ванна бөлмелерінде және барлық ақ түсті ванна бөлмелерде ерекше атмосфера береді.
Интернет-порталдар шектелмеген дерлік таңдауды ұсынады, оның ішінде Сіздің меншікті фотосуреттеріңіз бен суреттеріңізді басуға мүмкіндік береді, бірақ Сіз кепілдікті жақсы көрінетін кейбір тексерілген классикалық элементтерді ұстана аласыз. Мысалы:
- Жеке терең түстер
- Өсімдіктер және табиғат тақырыбы
- Тұтас қайталанатын өрнектер
Душтың әсерлі пердесін таңдаған кезде тым артық кетпегені жақсы, сондықтан тым шамданған нәрсені таңдауға тырыспаңыз. Су астыңғы теңіз көріністерін немесе Диснейдің сүйікті фильміңізден шыққан мультфильм кейіпкерлерін сөреде қалдырған жөн.
Душ пердесі сияқты, кілемше Сіздің ванна бөлмеңіздің ішкі көрінісінде орталық орын алу мүмкін. Оны қабырғаға ілсеңіз де, еденге төсесеңіз де, кілемше - бөлмеге жаңа түстерді және өрнектерді беру үшін ерекше, дегенмен қарапайым ғана тәсіл.
Мұндай кілемшелердің негізгі мәселесі, әсіресе ылғалды орындарда, тозу және гигиена болып табылады, сондықтан көгеруге немесе тозуға оңай берілмейтін материалды пайдалану орынды болады. Сүлгілерге арналған маталар немесе суға төзімді маталардан өрілген кілемшелер жақсы идея болып табылады. Мысалы, бамбук кілемше сІздің ванна бөлмеңізде ұзақ уақыт қызмет ету үшін ерекше жақсы келеді.
Кілемше кеңістіктердің барлық түрлері үшін жарайды, бірақ қалған декордың да онымен үйлесімді болатыны бәрінен жақсы болады. Сондықтан алдымен қолайлы кілемшені табыңыз, содан кейін қалған декорды ойлап табыңыз.
Редекорация - бұл қымбат естілетін үлкен қорқынышты сөз. Басқа жағынан, бір қабырғаны немесе тіпті қабырғаның бөлігін бояу немесе оларға тұсқағаздар жапсыру, әйткенмен Сіздің ванна бөлмеңізді әлеуетті жаңғыртатын біркелкі қарапайым нәрсе. Міне, Сіз ванна бөлмеңіздегі қабырғаның біреуіне немесе бір оюға қолдана алатын кейбір қарапайым идеялар:
Жолақтар. Жолақтар түссіз ванна бөлмесіне қатты әсер тигізу мүмкін. Оның бояумен орындалуы өте күрделі болу мүмкін, сондықтан Сізге өзіңіздің жергілікті DIY дүкеніңізде таба алатын түрлі түсті жапсырма ең жақсы келетін сияқты.
Түрлі-түсті бояу. Кішкене қуысты немесе ендірмені қандай да бір түспен бояу өте оңай. Сіздің ванна бөлмеңіздің басқа жерінде бар түсті таңдаңыз (мысалы, душ немесе ванна пердесінде), осындай түстегі бояуды табыңыз және оны бөлменің кішкене жеріне жағыңыз. Бұл бір тұтас қабырға немее табиғи түрінде бір нәрсемен шектелген (мысалы, радиатордың ендірмесі және т.б.) қабырға бөлігі болу мүмкін.
Тұсқағаздар. Батыл түстермен болған жағдайдағыдай, сәндік тұсқағаздар бөлмені қатты безендіре алады, тіпті бұл қандай да бір кішкене бөлшек болса да. Шынымен де қызықты өрнектері және суреттері бар кейбір тұсқағаздар бар, сондықтан неге өзінді бір күрделі немесе бекзаттық нәрсемен еркелетпеске.
Айналар - бұл кез келген ванна бөлмесіндегі қажеттілік және жайлылық. Олар кеңістікті, жарықты қосады - егер Сіз дұрыс таңдау жасасаңыз - және Сіздің ішкі көрінісіңіздің стилін қалыптастырады.
Сізге осы мүмкіндіктен барынша пайданы шығару үшін бар керегі - кішкене ерекешілігі бар бір нәрсені таңдау. Айна шынының кәдімгі табағын жай пайдаланудың немесе ең арзан нұсқаны таңдаудың керегі жоқ. Бұның орнына жақтауды қосыңыз да Сіздің айнаңыз жаңаша жарқырайды.
Түрлі-түсті айна су орталары үшін - мысалы, Сіздің ванна бөлмеңіз үшін, жақсы келетін атмосфераны құрайды. Жылт-жылт еткен және жарқыраған түстер барлық қабырғаларда көрінеді. Жарықтың түрлі-түсті сәулелері Сіздің терезеңіз арқылы өтеді де Сізді суық шуақ күні жылытады.
Осы әсерге жетудің көптеген түрлі тәсілдері бар. Олардың кейбірлері басқаларға қарағанда қымбат болады.
Түрлі-түсті шыныдан және қорғасыннан жасалған абажурлар (түрік стилінде) бөлмеде экзотикалық атмосфераны жасайды.
Егер Сіз түрлі-түсті шыныны қаласаңыз, бірақ терезелерді ауыстырғыңыз келмесе, түрлі-түсті пластик үлдірді бар терезелердің үстінен жабсырыңыз - бұл ұқсас әсерді алудың (сондай-ақ Сіздің ванна бөлмеңіздің құпиялылығын арттыруға) тамаша тәсілі.
Ванна бөлмесі - бұл онда қандай да бір өнер туындысын табу үшін күтпеген орын, бірақ бұл осы идеяны одан да қызықты әрі әсерлі етеді.
Қонақтарыңызды әжетханадағы Рембрандтпен немесе "әркім кіретін орындағы" Ван Гогпен таңғалдырыңыз. Әрине суреттердің түпнұсқаларымен емес! - бұл жай ғана жақтаудағы баспа көшірме - Сіздің жалпы декорыңызға ерекшелік пен сипат беретін тамаша идея.
Ванна бөлмелері мен әжетханалар - Сіздің сыйлықтарыңыз бен кәдесыйларыңызды орналастыру үшін тамаша орын. Бұл Сіз өзіңіздің әшекейлеріңіз бен бұйымшаларыңызды қызыққан қонақтарға көрсете алатын орын.
Қабырғалардан салбырап тұрған немесе сөрелерде қойылған қызықты бұйымшалар, Сіз және Сіздің қонақтарыңыз үшін қызықты ойын-сауық болу мүмкін, және осы босаңсыған әрі көңілді кеңістік үшін қолайлы ресми емес әшекей болып табылады.
Теңіз жағалауы - Сіздің ванна бөлмеңіздің негізгі тақырыбы үшін айрықша қызықты және демалысты еске түсіретін таңдау. Бұған кішкене сәндік эелементтердің көмегімен өте оңай жетуге болады.
Бәрінен жақсы, Сіз осы тақырыпты, жағадағы дүкендерде сатып алынған, немесе Сіздің демалысыңыз уақытында жағажайда өз қолыңызбен жинаған қайыршақтар мен тастарды пайдаланып жасай аласыз. Теңіз қабыршақтары, тастардан жасалған табақтар, теңіз элементтері бар айналар (иллюминаторлар) немесе бөтелке ішіндегі кемелер - осының барлығы Сіздің шомылғаныңызды ажарлай алатын әсерлі сәттер туралы еске салады.
Көбіне-көп DIY дүкендері шкафтарға, жәшіктер және есіктер үшін сәндік тұтқаларды сатады. Олар қымбат тұрмайды, олардың орнатылуы оңай және олар сіздің кішкентай бөлмеңіздің жалпы сыртқы көрінісіне таңғарарлық жаңғыртушы әсер ету мүмкін.
Бір уысын таңдаңыз да, ванна бөлмеңізді безендіру үшін оларды ең жақсы тәсілмен бейімдей отырып рахат алыңыз.
Әлбетте, Сізге ванна бөлмеңізде сақтау үшін және әшейін әдемілік үшін бірнеше ваза, түрлі банкалар мен тостағандар керек болады. Көптеген заманауи ванна бөлмелерінің аппақ сыртқы көрінісін ескере отырып, осы кішкене аксессуарларда түсті орынды пайдаланудың зор маңызы болу мүмкін. Сіз әр жерде басқа аксессуарларда байқалатын тақырыпты немесе түсті таңдасаңыз бұл айрықша өзекті. Бұл өзімен өзі Сіздің ванна бөлмеңізді айтарлықтай өзгерту мүмкін.
Өз ванна бөлмеңізді қайтадан әдемі жасаңыз.
Стильді ауыстыру уақыты келді, және Сізге кішкене күш сала отырып үлкен өзгерістерді іске асыруға көмектесетін 10 қарапайым кеңесіміз бар.